Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылардың халықаралық химия олимпиадасындағы жетістігі туралы сүйінші хабарды жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі аталмыш жетістіктің өте жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

«Міне, керемет жаңалық! 2 алтын медаль, 1 күміс және 1 қола медальді  оқушыларымыз Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) жеңіп алды! Бұл шын мәнінде керемет жетістік. Осымен үш жыл қатарынан Қазақстан алтын медальмен оралып, өте жоғары нәтиже көрсетуде», – деп жазды Асхат Аймағамбетов. 

Жалпы команданың нәтижелері:

Илюсизов Ринат – алтын
Ким Кирилл – алтын
Кабдулхадыр Абылай – күміс
Молдағұл Әділжан – қола

«Барлық оқушыларды, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймын!», – деп жазды Мәжіліс депутаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!