Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ақпарттық технологиялар АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

«Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет».

Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  • еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз;
  • «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
  • Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
  • Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша
  • тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!