Фото: Элеонора Якия

Жолда қалғандар шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды.

Үкіметте тасжолдағы мобильді байланыс мәселесі көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов қала сыртындағы жолдарда мобильді байланыстың сапасын сынға алды.

«Атап айтқанда, «Қарағанды – Алматы» автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 шақырым учаскеде мобильді байланыс жоқ. Жол апаты кезінде зардап шеккендер шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды. Осыған байланысты цифрлық даму министрлігі қала сыртындағы автожолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету қажет», – деді Бектенов.

Оның айтуынша, жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Ал кей жерлерде мүлдем жұмыс істемейді. Сол себепті жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері халық тарапынан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түскен.

«Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек», — деп атап көрсетті премьер-министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!