Ата-ана үшін де, балалар үшін де жазғы демалыстың орны ерекше. Жадыраған жаз келсе, бүлдіршіндеріміз асыр салып ойнап, алаңсыз демалады. Бұл әрине көңіл қуантады. Дегенмен балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстауымыз керек. Бұл мақсатта жауапты мамандар жүйелі жұмыстар атқаруда. Полиция Департаменті Жергілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов атқарылып жатқан жұмыстарды облыстың бас ақпарат алаңында баяндап берді.

Қазіргі таңда әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мақсатта, облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларымен бірлескен «2024-2025 жылдарға арналған жоспары жасалып, жүзеге асырылуда. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында, мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп өте жоғары болып тұр. Ата-аналарды ережеге салғырт қарамауға шақырамыз. Бала денсаулығы бәрінен маңызды”,- деді Рауан Қырымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!