Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жерлеуге арналған республикалық бюджеттен біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік енгізген өзгеріске сәйкес, порталға түскен біржолғы төлемді тағайындау туралы электронды өтініштер азаматтардың қабылдауға жазылу туралы өтініштерін электронды тіркеу журналына автоматты түрде тіркеледі.

Сондай-ақ ережеде өтініш берушінің келісімі алынған жағдайда «Е-макет» ААЖ азаматтардың жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы өтініштері тіркеудің электронды журналында автоматты түрде тіркелетіні жазылған. «Е-макет» ААЖ, одан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды өтінімді қабылдау туралы хабарлама жібереді.

Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру сәтсіз аяқталған жағдайда «Е-макет» ААЖ өтініш берушіге электронды өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны автоматты түрде береді.

Проактивті сервис арқылы немесе ААЖ «Е-макет» порталы арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау кезінде автоматты түрде:

  • электронды құжатты және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы электронды шешім жобасын қалыптастырады, уәкілетті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ пайдалана отырып, электронды шешім жобасын бекітеді;
  • тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажет электронды құжатта мәліметтер болмаған немесе дұрыс емес болғанда жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қалыптастырады;
  • «ЦБР» ААЖ төлемге электронды шешім жобасын автоматты түрде береді.

Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жерлеуге берілетін бір реттік төлемнің мөлшері екі есе өскенін жазған едік. Біржолғы төлем марқұмның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға төленеді. Осылайша мемлекеттік төлем мөлшері 15,7-ден 35 АЕК-ке дейін ұлғайтылған, яғни 2023 жылы 1 шілдеден бастап 120 750 теңге болған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!