Фото: istockphoto.com
Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтіледі. 3-12 тамыз аралығында республика бойынша 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, халықаралық жастар күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы Жастар саясатының негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту мәселелері бар. Сондай-ақ, ұлттық онкүндік шеңберіндегі іс-шаралар «Адал азамат» концепциясын насихаттауға ықпал ететін болады.
Айта кетейік, онкүндік республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара байланысына ықпал етеді.
Онкүндіктің әр күніне арнайы тақырып қойылған. Іс-шаралар 3 тамызда Taza Qazaqstan экологиялық акциясымен басталады. Еліміздің барлық өңірлерінде жастар саябақ аймақтарын, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандар аумақтарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!