Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков/Қоғамдық көлік

Ішкі істер министрлігі елді мекендердегі қоғамдық көліктердің жылдамдығына қойылатын талаптарды түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жақында жол қозғалысы ережелеріне елді мекендерде автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілген болатын. Бұл түзетулер 2024 жылғы 6 мамырда күшіне енді.

«Талдау көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56 пайызға өскен. Тек биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алды.

Аталған өзгерістер қоғамдық талқылаудан өтті. Яғни бұл бұйрық 2023 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында «Ашық НҚА» порталында жарияланды», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!