Фото: istockphoto.com

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастаманың бірі.

«Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды», – деп жазды министрлік.

Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!