Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Күздің бірінші күні Қазақсанның басым бөлігінде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қатты жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 1 қыркүйекте облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 1 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

1 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с. 01 қыркүйекте облысың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!