Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 8 қыркүйекте жұмыс сапарымен Астана қаласына аттанды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шавкат Мирзиёев елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Еске салайық, Өзбекстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 120-дан астам спортшы қатысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!