фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк жалған полиграфиялық өнімдер – қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстанның Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер, нақтырақ айтқанда, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалардың тарағанын ескертеді. Соның ішінде, мерейтойлық және «Сақ стилі» сериясындағы 10 000 теңгелік банкнота бар.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде ерекше сақтық танытып, олардың түпнұсқалығын тексеруді қатаң түрде ұсынамыз, – деп қосты ведомство.

Ұлттық валюта банкноталарындағы қорғаныс элементтері туралы ақпаратты Ұлттық банктің You Tube арнасынан және ресми сайтынан табуға болады. Күмәнді банкноталар, соның ішінде шын ақшаға ұқсас банкноталар байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Ұлттық банк тұрақты түрде жалған ақша жасауға қарсы күрес жүргізіп, қолма-қол ақша пайдаланғанда мұқият әрі сақ болуға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!