Бүгін Қалалық «Qosyl» жастар орталығында белсенді, шығармашыл, интеллектуалды және спортшы қала жастары мен студенттеріне арналған «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өтті.

Шараның мақсаты: Жастар шығармашылығын арттыру, көше мәдениетін қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, студент жастарға орталық қызметін таныстыру.

Шара басы «Біз туралы» командалық Team building сайысымен басталды. Сайысқа 60 жас қатысып, 6 команда болып бақ сынасты. Жастар орталықтың кабинеттерімен танысу мақсатында 6 арал бойынша квесттен өтті. Әр аралдың өзіндік тапсырмалары мен қиындықтары болды. Сәтті өткен команда жеңімпаз атанып, дипломдар мен сыйлықтар иеленді.

Әрі қарай шара «Жаңа дағдылармен жаңашылдыққа» оқыту тренингімен жалғасты. Қысқа тренингте өмірлік маңызды дағылар, графикалық дизайн және Chatgpt қосымшасы тақырыптары қозғалды. Тренингке барлығы 25 жас қатысты.

Шара барысында «Мафия» ойыны және «Караоке» жанды дауыста ән шырқау кеші де қатар жүрді.

Шара соңы «БІЗГЕ QOSYL» мерекелік бағдарламасымен аяқталды. Концерт уақытында жастар арасында «Қарбыз жегіш» және «Қарбыз көтергіш» сайыстары өтті. Мерекелік бағдарлама жастар дискотекасымен тәмамдалды.

Біздің орталық жастар үшін әрдайым ашық!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!