Жыл басынан бері қала аумағында 101 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 29-ы автокөліктегі жағдай. Ал орын алу себебі – жүргізушілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы және электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Осы орайда өткен жұма күні автокөліктегі өртті алдын алу бойынша республикалық автокөлік іс-шарасы өтті.

Жиын барысында автокөлік өртінің пайда болуы мен автокөліктегі газ баллон жарылысына демонстрациялық презентация жасалды. Сонымен қатар өрттің алдын алу бағытында автоэлектрик мамандардың қатысуымен жүргізушілердің автокөліктеріне тегін техникалық тексеру жүргізілді.

Мұнан соң полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен өртенген автокөлікті эвакуаторға салып, қала аумағында автокөліктер көп шоғырланатын аймақта профилактикалық шара ұйымдастырылды.

Айта кетейік, шараға Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы, Қызылорда қаласы әкімдігі, полиция қызметкерлері, қоғам белсенділері, Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледждің төтенше жағдай мамандығында білім алатын студенттері мен ерікті жастар қатысты.

Олжас ТҰРСЫНБАЕВ,
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының
бас маманы, азаматтық қорғау капитаны

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!