Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – облыс аумағындағы республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және бақылау жүргізу. Осыған сәйкес департамент мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген нысандарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында уақытша бос тұрған тұрғын үй емес жайларға екінші бір мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру, мүліктерді жалға беру және жекешелендіру арқылы республикалық бюджетке түсетін түсімдерді көбейту мақсатында жұмыс жүргізіп келеді.

Осы жылдың жартыжылдығында департаментпен Қазақстан Республикасының заңдық актілеріне сәйкес, қолданыстағы мемлекеттік мүлікті басқару жүйесінде мемлекеттік мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқаруға беру, жекешелендіру, сонымен қатар мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануға, сақтауға бағытталған оңтайландыру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік мүлікті иелену және оны тиімді пайдалану мақсатында осы жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бекітілген мемлекеттік мүлікті сату кестесіне сәйкес, департаментпен 39 сауда-саттық жарияланып, 26 республикалық меншіктегі нысан сауда-саттыққа қойылды. Өткізілген сауда-саттықта департаментпен 26 нысан сатылып, республикалық бюджетке жекешелендіру бойынша 41,6 млн теңге аударылды. Ал жалға беру бойынша жалпы алаңы шамамен 1,6 мың шаршы метр тұрғын үй емес жайлар заңды және жеке тұлғаларға жалға беріліп, жалақы есебінен республикалық бюджетке 21,5 млн-нан аса қаражат түсті.

Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру бойынша департаментпен жұмыстар жүргізілді. Биылғы 6 айы қорытындысы бойынша департамент Қызылорда облысының қаржы басқармасымен бірлесіп, республикалық меншіктен коммуналдық меншікке мүліктерді беру бойынша 14 және коммуналдық меншіктен республикалық меншікке 13 актілері бекітілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің және Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұйрықтарына сәйкес, республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгеріміне мүліктерді беру туралы 10 алыс-беріс актісі бекітілді.

Департамент мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімшілігінің келісім хаттарына байланысты республикалық меншіктен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне мүліктерді беру бойынша 11 шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауында орта және шағын бизнесте цифрлық технологияны белсенді түрде іске асыруға ерекше көңіл бөлінді. Тиімді мемлекеттік басқару міндеті кәсіпкерлер мен халықтың мемлекеттік басқарудағы шығындарын азайтуға бағытталған. Осы саланы цифрландыру бізге «бір өтінім» ұстанымына негізделген кешенді қызметтерге жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден көшуге мүмкіндік береді. Ол үшін мемлекеттік органдарда халық пен бизнеске олардың өзара іс-әрекеттерін қоса алғанда, өтініштерінің қалай қаралып жатқанын және уақытылы сапалы жауаптарды алуды азаматтардың көріп отыру мақсатында цифрландыру процестеріне қол жеткізіліп келеді.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің республикалық бөлімшелері бойынша «Мүлікті жалға беру келісім шарттарының тізілімін» қамтамасыз ету бағдарламасы белсенді жұмыс атқаруда. Бұл код сәйкестігі бойынша аймағы мен ұйымның атауын анықтай отырып теңгерім ұстаушыны іздеуге, оның ұйымдастыру-құқықтық формасын және статусын белгілеуге, сонымен қатар республикалық меншіктегі мүліктерді жалға беруден бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпараттар алуға автоматты түрде хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік меншікті сауда-саттыққа шығару жүйесі автоматтандырылды. Сондай-ақ, департаментпен электрондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Комиссияның шешімі негізінде сатушы, объектіні сату туралы «электрондық аукционға» сату мерзімін, сату объектісінің атауын көрсете отырып ақпарат береді. «Электронды мәліметте» сату объектісінің фотосуреттері мен құқықтық құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері, бағалау туралы есебімен қоса объектінің нақты бағасы туралы ақпараттарды қамтиды. Бұл веб-портал арқылы аукционға қатысу қағаз түріндегі құжаттарды куәландырудан құтылуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сол үшін мемлекеттік тізілім веб-порталы көптеген мемлекеттік ақпараттық деректер базасымен біріктірілген. Яғни, республикалық меншіктегі жайларды жалға беру және жекешелендіру бойынша www.gosreestr. kz веб-порталынан кез-келген жеке немесе заңды тұлғала ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Н.ӘБДРӘСІЛ,
Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаментінің бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!