Фото: ESPN

Португалия ұлттық құрамасы мен «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд биігін бағындырды. Оның әлеуметтік желілерде қарайтын оқырмандар саны 1 миллиардқа жетті, – деп хабарлайды msports.kz.

Бұл тарихи сәт – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – бұл біздің ортақ құштарлығымыздың, жігеріміздің және ойынға деген, сондай-ақ оның шегінен тысқары махаббатымыздың дәлелі.

Мадейраның көшелерінен әлемдегі ең үлкен сахналарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым, енді біз 1 миллиард болдық. Маған сенім білдіргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рақмет. Ең үздік сәттер әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарих жасаймыз!, – деп жазды футболшы. 

Роналдуның әлеуметтік желілердегі статистикасы:

Instagram – 639 061 429
Facebook – 170 509 113
X – 113 026 345
YouTube – 60 500 284
KuaiShou – 9 372 710
Weibo – 7 530 121

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!