Фото: BILD

Зимбабвенің қоршаған ортаны қорғау министрлігі елде піл тым көбейіп кетті деп мәлімдеді. ZimParks жабайы табиғат паркінің басшылығына өлтірілетін жануарларды іріктеу тапсырылды.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл қадам тез өсіп келе жатқан пілдер популяциясын бақылауға көмектеседі, сонымен қатар төтенше құрғақшылықтың салдарын жоюға себепші болмақ.  

ZimParks қорығының басшысы Фултон Мангваньяның AFP агенттігіне айтуынша, билік барлығы 200 пілден құтылуды көздеп отыр. 

Зимбабведе барлығы 100 мыңға жуық піл мекендейді, ел осы жануарлардың саны бойынша Ботсванадан кейінгі екінші орында. 

Зимбабведе пілдер соңғы рет 1988 жылы атылған.

Бұған дейін Намибия соңғы онжылдықтағы ең ауыр құрғақшылық салдарынан 700 жабайы жануардың, оның ішінде пілдер мен сусиыр жойылатынын мәлімдеген. Намибияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі 160-қа жуық жануардың өлтірілгенін хабарлады.

Бұл шара су ресурстарын тұтынуды жеңілдету және құрғақшылықтан аштыққа ұшыраған мыңдаған адамды етпен қамтамасыз ету үшін жасалған. Үкіметтің бұйрығын жануарлар құқығын қорғаушылар қатты сынға алды.

Зимбабве мен Намибия — құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялаған оңтүстік Африка елдері тобында.

Дереккөз: KAZINFORM

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!