Фото: SpaceX

Алғаш рет ақылы рейспен ғарышқа ұшқан туристер жерге аман-есен оралды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы германиялық BILD басылымы жазды.

Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы осылайша сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең Флориданың оңтүстігіне жақын маңдағы теңізге қонды.

Еске салайық, миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.

Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!