Фото: Sputnik / Anna Ratkoglo

Sputnik. Қытайда келер жылдан бастап зейнетке шығу жасы ұзарады.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен арттыру жоспарын мақұлдады. Бұл туралы 24.kz жергілікті БАҚ сілтеме жасап хабарлады.

Олардың сөзінше, мұндай өзгеріс 1950 жылдан бері алғаш рет енгізіліп отыр. Ерлер үшін зейнетке шығу 60 жастан 63 жасқа көтеріледі. Ал жұмысшы әйелдер үшін 50-ден 55 жасқа, кеңсе қызметкерлері үшін 55 жастан 58-ге ұлғаяды.

Жоспарға сәйкес билік жыл сайын тұрғындардың зейнеткерлік жасына 6 ай қосып отырады. Жұмыс берушінің рұқсатымен қызметкердің зейнетке шығу жасын 3 жылға ұзартуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!