2024 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15.00-де Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлының ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі 11, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайы мекенжайы бойынша өткізіледі.

Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.

Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.

Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!