Жуырда «Достық үйінде» теріс әдеттерге жол бермеуді мақсат еткен дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасы ұйымдастырған кездесуде азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Ермағамбет қызметте заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша баяндама жасады.

Жиын барысында облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологі Әсел Әбдеш «Нашақорлық пен араққұмарлықтың зияны мен зардабы» тақырыбына тоқталды. Сол секілді дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы, аға маман Бақтияр Оспанов «Дін және ұлттық мүдде» тақырыбын кеңінен тарқатты.

Мұнан соң Қызылорда қаласының полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының аға қызмет инспекторы, полиция капитаны Бағдат Жүсіпбаев «Жол жүру қағидалары» туралы түсіндірді. Кездесу соңында психологиялық қызмет тобының бас маман-психологі Арайлым Тілеуқабылова теріс әдеттерге жол бермеу бағытында тренинг жүргізді.

Жас мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Дөңгелек үстелді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов қорытындылады.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!