Республикалық «Ақмешіт жастары»  газетінің ұжымы  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Журналистика» мамандығының білім алушыларымен кездесті.

Жиын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен III жалпы республикалық «Kіtap time – 2024» фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Шара барысында «Kyzylorda-News.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Әзиз Жұмаділдаев медиа саласындағы өзгерістер, басылымның маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Асыл Оразова студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, тәжірибе жинақтауына көп көңіл бөлінетінін, түлектердің басым көпшілігі қазір ақпарат саласында елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Ал «Ақмешіт жастары» газетінің редакторы Абзал Жолтерек газеттің бүгінгі бағыт бағдары туралы айтса, редактордың орынбасары Айдана Жұмадинова мерзімді басылым мен ақпараттық сайттың ерекшелігіне тоқталды.

Кездесу барысында БАҚ өкілдері тәжірибесімен бөлісіп, білім алушылармен пікір алмасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!