фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!», деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!