Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында оңайлатылған кеден дәлізін құруды көздейтін заңға қол қойғанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы „Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: Kazinform

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!