Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау қаласында 36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

ҚР АШМ ЖРБК Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны-646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48 – бабының талаптарын сақтамағанын анықтады.

Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!