Фото: vedomosti.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Федерациясының үкіметі «русофобия» үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады.

«Ресей Федерациясының үкіметі көрсетілген ескертулерді ескерген жағдайда заң жобасын қолдайды», – делінген құжатта.

Ел үкіметі мақұлдаған заң жобасында «қылмыстық заңның күші шетел азаматтары мен Ресейде тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ азаматтарға да және Ресей азаматы емес «отандастарға» да жүреді» деп көрсетуді ұсынып отыр.

Бұдан бөлек Ресей азаматына қатысты кемсіту әрекетін жасаған шетелдік лауазымды тұлғалар, халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары немесе қызмет атқаратын шетелдіктер де «русофобия» заңы бойынша қылмыстық жауапқа тартылмақ.

«Кейбір жағдайларда, сотталушы орындығында ешкім отырмаса да, яғни айыпталушы жоқ болса да, оның үстінен «жеңіл немесе орташа ауыр бірқатар қылмыс бойынша» сот өткізу көзделген. Ресей үкіметі мұның алдында да бұл заң жобасын қарап, ескертулерін енгізуді, өңдеуді сұраған еді. Соңғы нұсқада олар ескеріліп отыр», – делінген басылым жазбасында.

Айта кетейік, бұл заң жобасын мемлекеттік Дума вице-спикері Ирина Яровая мен қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеттің басшысы Василий Пискарев әзірлеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!