Фото: BAQ.KZ – архив

Биыл суару маусымында көрші елдерден келетін судың көлемі бастапқыда келісілген көлемнен артық болды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, мұның арқасында Арал теңізіне су жіберу көлемі арттырылды.

Биыл Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді, ал теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралда су көлемі азайғанымен, 2024 жылдың басынан орташа су деңгейі қайта көтеріле бастады, – деді Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!