Фото: оқу-ағарту министрлігі

Грекияда робототехникадан өткен FIRST Global Challenge әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы 190 елдің арасында бас жүлде жеңіп алып чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді.

«Қазақстан құрамасының құрамында Алматы қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, атап айтқанда, Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов», – деп жазды Оқу-ағарту министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!