Фото: Видеодан скриншот

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзіне алқа сыйлаған кішкентай көрерменінің қолын бос қайтармады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ризашылығын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты, риза болғаным соншалық, «анаң тағып жүрсін» деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім, аман болайық. Мен өзім сатып алғандарды сыйлап жүремін. Әрине көңіл ғой, одан кедей де, бай да боп кетпеспіз. Ең қымбаты – денсаулық”, – деп жазды әнші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!