10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Qajymuqan» фильмі көрсетіледі.

Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильмнің сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап, жуырда үлкен экранға ұсынады. Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Қажымұқан Мұнайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

«Ол өзінің артықшылығын өз заманының ең жақсы балуандарына қарсы жеңістерімен дәлелдеді. Қажымұқан өзінің спорттық жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал болған алғашқы қазақ болды. Париж, Лондон, Берлин, Стамбул, Буэнос-Айрес және Чикагода көрермендер біздің атақты отандасымызға қол шапалақтады», – деп бөлісті режиссер.

Француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткен классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырын өскелең ұрпақ білу керек деген мақсатты үлкен экранда көрсетіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!