Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің теолог маманы әділет аға лейтенанты Р.Рузиевтің ұйымдастыруымен оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Жат ағым жерге жығады» тақырыбында топтық кездесу өткізілді.

Бұл шараға, Қызылорда қалалық Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразалыұлы арнайы келіп, жазасын өтеуші азаматтарға жат ағым дегеніміз не?, Оларға кімдер жатады?, Діни тақырыпта кімдерден дәріс алу керектігі жайында айтты. Жалпы жат ағымның соңынан еріп, қоғамға зиян келтірмес үшін арнайы мамандардан дәріс алып, жат ағымның соңынан еріп кетпеу керек мақсатында діни тақырыптарды біршама зерттеп білу қажет екендігін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!