Бүгін Қызылорда өңірінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Аймақ халқы ел үшін маңызы бар республикалық референдумда өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытуда.

Облыстағы 380 референдум учаскесінде тізімге сай тіркелген азаматтар бюллетень алып, дауыс беруде. Олардың қатарында 18 жасқа толып, тұңғыш рет науқанға жастар да бар. Олар бірінші рет бюллетень алып, өз таңдауларын жасап көрді.

Дауыс беруді үлкен жауапкершілік деп қараймын. Еліміздің өркендеуі, мемлекет үшін маңызды істерді жастар бізден бірінші жүруіміз керек. Бір топ жастар болып өз таңдауымызды жасауға келдік,- дейді жас тұрғын.

Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді.

Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!