Фото: Маурицхёйс мұражайы (Mauritshuis, The Hague)

KAZINFORM – Зерттеушілер голландиялық суретші Ян Вермеердің «Інжу сырғалы қыз» картинасы көрермендердің миында ерекше реакция тудырып, оларды шедеврдің алдында ұзақ тұруға себеп болатынын анықтады. Бұл өнер туындысы сақталған Гаагадағы Маурицхейс мұражайында жақында жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Нейролог Мартин ден Оттердің айтуынша, картина өзіндік визуалды цикл жасау арқылы көрермендердің назарын аударады, деп жазады Times газеті.

«Әдетте адам басқа адамға қараған кезде оның көзқарасы көзден ауызға қарай жылжиды. Әңгімелесушінің көңіл күйі мен ниетін бірден бағалау үшін әдетте осы қасиеттерді бір шолу жеткілікті», – дейді ол.

Дегенмен, «Інжу сырғалы қызда» басқа динамика бар: көрерменнің көзқарасы көзден ерінге, содан кейін інжу-маржанға, сосын көзге қайта оралады. Бұл назарды өзіне аударатын және қыздың бетіне қайта-қайта қарауға мәжбүрлейтін тұрақты цикл жасайды.

Бұл құбылысты зерттеуші көркем шығарманың таңғажайып тартымдылығымен түсіндіреді.

Зерттеу мидың әртүрлі аймақтарының белсенділігін және көз қозғалысын бақылау үшін арнайы гарнитурамен жабдықталған 20 еріктінің қатысуымен жүргізілді. Еріктілер реакцияларын жазып алу үшін «Інжу сырғалы қыз» және Маурицхейстегі басқа да суреттерді қарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!