Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Бангкок қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша отандасымыз IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшы аргентиналық Дебора Анахи Лопеспен (21-2-1) жұдырықтасты. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!