фото: telegram.org/KOKSHETAUTODAY

Петропавлға қар жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Бұл көлік қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындардың көбі жұмыстан қалып қойған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір өңірдегі барлық бекетте ұзын-сонар кезек пайда болған. Сондай-ақ қаланың өзінде 25 жол апаты тіркелді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Ауа райының күрт өзгеріп, температураның төмендеуіне байланысты елді мекендеріңізден шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ көліктеріңізді қысқы дөңгелектерге ауыстыруыңызды сұраймыз. Ауа райына байланысты жолда қашықтық режимін сақтауды ұмытпаңыз, – деді СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Жасұлан Сәдуақасов.

Түнгі уақытта жағдай ушығатын болса, полицейлер барлық бағыттағы жолдарды жауып тастауы мүмкін. Жалпы, синоптиктер алдағы күндері күн қайтадан ашылады деп болжап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!