Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы KAZINFORM хабарлайды.

Маманың айтуынша, Қазақстан қор биржасында доллар бағасының құбылып тұруы, негізінен бюджеттік және квазимемлекеттік қорларды пайдалануға және шетел валютасына деген маусымдық сұранысқа байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде тауар импортындағы инвестициялық және тұтынушылық белсенділікті ынталандырады.

«Сонымен қатар, Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтардың табыстылығын арттыру үшін зейнетақы активтерінің доллардағы үлесін 40%-ке жеткізу үшін шетел валютасын көбірек сатып алды (бұрын нысаналы көрсеткіш 30%). Сыртқы ортадағы жағымсыз факторлар, сондай-ақ Федералды резервтік жүйенің агрессивті мөлшерлемені төмендету және Мәскеу биржасы (барлық операциялар) операцияларын тоқтату алдында рубльдің әлсіреуі салдарынан америка валютасының жаһандық нығаюы болды. Осы «катализаторлардың» үйлесуі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың құбылуына және KASE-де доллар бағамының айтарлықтай өсуіне әкелді», – деп түсіндіреді Рамазан Досов.

Сарапшының сөзінше, ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығына нақты себептер жоқ. Ұллтық банк теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін қажет болған жағдайда интервенция жасауға дайын.

«Алдағы уақытта доллар бағамы 480–482 теңге деңгейін қайта төмендеуі әбден мүмкін»,- деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!