Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері ертең бірнеше өңірдің жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

«Ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!