Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында жол апатынан алты шетелдік қаза тапты, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті деректері бойынша қайғылы оқиға сағат 07:30-да болған. Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігі MAN маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

«Көлікте 10 адам болды. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажет емді алып жатыр. Жол апаты салдарынан алты адам қаза тапты», – деді полиция.

Жол апатына қатысы бар көліктер Өзбекстанда тіркелгені белгілі болды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар – Ресейден келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

Бұл дерекке қатысты соталды тергеу басталды. 

«Болған жайт туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», – деді ведомство өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!