Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

12 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша 11 814 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл төлемді тағайындауға жалпы 12 530 адам өтініш білдірген», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген еді.

Арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

  • 55 жасқа толу;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы – міндетті шарттар.

«Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!