«25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесіне орай бүгін Шиелі ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтаймыз!» тақырыбында аудандық ұрыс-соғыс оқиғалары ардагерлерін мерекелік құттықтау шарасы өтті.

Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Серікұлы алғы сөз сөйлеп, шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, басқарма атынан ардагерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!