Фото: Qaz365.kz

Белгілі әнші Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының жетекшісі делініп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші Хасан деген адамды, суретке қашан, қай жылы түскенін білмейтінін айтты.

“Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды, интервью беріп сайрап отыр ғой, “жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын” деп, егер шын ақиқатты білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап әкеліңдерші менің алдыма. Айтатынымды оған да айтамын», – деді әнші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!