Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Шаріпбаев  және “Қадір қасиет” ҚБ-і бірлесіп, Қызылорда облысының спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжінде “Буллинг және оның алдын алу” тақырыбында оқушыларға және ұстаздарына арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. 

​Іс-шараға мектеп-интернат колледжінің 100 ден аса оқушыларымен 30-дан астам оқытушылары қатысты. 
​Семинар – тренингте алғашқы болып Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша Даурен Сактапбергенұлы Буллингке қарсы шетелдік тәжірибе және буллингке қатысты Өкілмен қаралған арыздар жайлы түсіндіріп, келесі сөз кезегін ZOOM платформасы арқылы қатысып отырған ҚБ “Қадір-Қасиет” өкілі Айжан Дарибаеваға берді. Ол өз кезегінде республикада орын алған буллинг жағдайлары туралы және оларға қолданылған шаралар жайлыатап өтті.

​Сондай-ақ, семинар – тренинг барысында Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл   Жақсыгүл Тоғанова «Буллинг туралы ақпаратты кеңейту» тақырыбында, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының  ювеналды полиция  тобының  аға инспекторы  полиция майоры Абдразақова Раушан Есенжолқызы «Өңірде тіркелген буллинг фактілері  және олардың себептерін анықтау» тақырыбында, «Қызылорда облысының ҮЕҰ альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Изден Анар «Буллинг салдарынан қиыншылықтар және оның алдын алу жұмысын жүргізу» тақырыбындаМектеп-интернат-колледжі директоры Жаманқұл Асылжан Зулфқарұлы – «Спорт мекемелерінде кездесетін буллингтің түрлері» жайлы қатысушы балалармен ұстаздарға айтып өтті.

​Сонымен қатар семинар – тренингке арнайы шақыртылған Доцент, психология ғылымдарының кандидаты  – Алмагул Жанділдақызы балалармен «Буллинг немесе психологиялық шекараны бұзу»тақырыбында талқылап, балалармен топтық жұмыстар жүргізді. 

​Семинар – тренинг қатысушылары оқушылармен кері байланыс жасап, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

​Іс шара сонында “Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлыжәне Қызылорда облыстық білім басқармасының Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологі Бисенова Жания Жоямергенқызы өз пікірлерін білдіріп, қатысушы балармен ұстаздарға өз кеңестерін ұсынды.

​Мектеп-интернат колледжінің оқушылары өз кезегінде қонақтарға арнайы дайындаған спорттық көріністерін көрсетіп, спорттық өнерлерімен бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!