Фото: Axelle/Bauer-Griffin/FilmMagic

Илон Маск 5 қарашаға дейін петициясына қол қойғандар арасында күн сайын 1 млн доллар ұтыс ойнатпақ. Алғашқы жеңімпаз Пенсильвания тұрғыны Джон Дреер болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск 5 қараша күні өтетін президент сайлауына дейін АҚШ Конституциясын қорғау бойынша онлайн петициясына қол қойғандар арасында күн сайын 1 млн доллар ойнатпақ. 

Бұл туралы ол Пенсильвания штатында Дональд Трампты қолдау мақсатында өткен кездесуде мәлімдеген. Аталған шарада Маск алғашқы чекті де табыстап үлгерді. Бірінші жеңімпаз штат тұрғыны Джон Дреер болып шықты.

«Миллион доллар иелену үшін петицияға қол қойсаңыз жеткілікті», – деді кәсіпкер.

Маск қол қоюды сұраған петицияда: «Бірінші және екінші түзетулер сөз бостандығы мен қару ұстау құқығына кепілдік береді. Төменде қол қою арқылы бірінші және екінші түзетулерге қолдау көрсетемін» деп жазылған. 

Бұрын кәсіпкер оған қол қойған әрбір адамға 47 доллар ұсынған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!