Фото: pixabay.com

Синоптиктер 23 қазанда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!