Ел үшін, жастар үшін Республика күнінің маңызы зор. Көп мейрамның бірі емес, мемлекеттік маңызы бар ұлттық мереке екенін нақты насихатталуы, түсіндірілуі керек.

2022 жылы Президентіміздің республика күнін қайта енгізуінің өзі егемен Қазақстанның ертеңі үшін жасалған игі бастама деп білемін.

Қазір жалаң ұранға емес, жақсы нәтижеге ұмтылатын кезең. Жаңа Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Ал жастарға, яғни бізге көрсетілген әрбір қолдау тиісті дәрежеде өз нәтижесін беруі үшін аянбай қызмет етуіміз қажет!

Нұрдәулет БАЙМАХАН,
жас драматург, қалалық «Жастар» театрының әртісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!