Футбол алаңындағы доп. Көрнекі сурет: pixabay.com

 «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі «Ақтөбемен» матч алдында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болғанын хабарлады – команда жанкүйерлерінің бірі ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмған. Қайғылы хабар клубтың желідегі парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан премьер-лигасының 24-тур ойындары аясындағы екі команда кездесуі 27 қазанға жоспарланған.

Клубтың бір топ жанкүйері «Астана» – «Ақтөбе» матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болған.

«Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды. Ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр. «Астана» футбол клубы Нұрланның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, қабырғасы қайыса көңіл айтады. Ардақты азаматтан қапыда айырылып қалып, орны толмас өкініш өзегімізді өртейді. Нұрланның иманы саламат болсын! Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады. Сондай-ақ ауруханаға түскен жанкүйерлерімізге тез арада сауығып кетуіне тілек білдіреді», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!