Фото: pixabay.com

Қорғаныс министрлігі әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерінің тәртібі мен ережелеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге ниет білдіргендерді медициналық куәландыру тәртібіне көзқарасты өзгерту туралы бөлігіне қатысты болмақ.

Бұдан басқа, құжатта азаматты денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке негізсіз шақырудың себептерін зерделеу тәртібі нақтыланды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!