ХХ ғасырдағы ең көп сатылған кітаптарды жалпы тарих бойынша ең көп сатылған кітаптар деп айтуға болады. Дәл өткен ғасырда кітап шығару миллиард долларлық индустрияға айналды. Бұған дейін мұндай үлкен тиражбен ешбір басылым шықпаған еді. Сонымен қатар әлемдегі ең көп сатылатын кітап ағылшын тілді авторлардың кітаптары екенін атап өткен жөн. Себебі, ағылшын тілі – планетадағы ең көп таралған тілдің бірі. Екіншіден, бұл экономикасы дамыған жеті елдің үшеуінде ресми тіл саналады, демек, халқы дәулетті ағылшын тілді адамдар кітап сатып ала алады.
Джон Рональд Руэл Толкин: “Сақиналар әміршісі” (ағыл. The Lord of the Rings) трилогиясы 1954-1955 жылдары жазылып 150 миллион данасы басылған. Бұл – өткен ғасырдағы ең көп сатылған фэнтези шығарма. Оксфорд филологы Дж.Р.Толкиен 1937 жылы фэнтези жанрындағы ауқымды шығарма жазуды қолға алды. Ол өзі ойдан шығарған Орта жер картасын құруға және әсерлі мәтінді қалай беруге болатынын талқылауға тағы бірнеше жылын жұмсады. Кітап оқырмандар жүрегін бірден жаулап алды. Трилогияның өзі авторға даңқ әкелді.
Антуан Сент-Экзюпери “Кішкентай ханзада” (фр. Le Petit Prince) 1942 жылы жазылды, 1943 жылы баспадан шықты, осы уақытқа дейін 140 млн данасы сатылған. Сент-Экзюпери 44 жылдық ғұмырында көп нәрсеге қол жеткізді. Ол ұшқыш, журналист және табысты жазушы бола алды. Экзюпери балалар мен ересектердің ең көп оқитын ертегі кітабы «Кішкентай ханзаданың» авторы ретінде тарихта қалды. Нью-Йоркте жазылған және 1943 жылы Экзюпери қайтыс болардан бір жыл бұрын басылып шыққан бұл кітап әлемнің көптеген тіліне аударылған.
“Жел ұшырып әкеткендер” (ағыл. Gone with the Wind) Маргарет Митчелл 130 млн тиражбен шыққан. “Жел ұшырып әкеткендер” 1936 жылы жарық көрді. Редакциядан үйдегі аспазға ауысқан тәжірибелі журналист Митчелл үлгілі әйелге айналды және он жыл бойы атақты “Жел ұшырып әкеткендер” романын жазды. Роман бірден Митчелді танымал етті. Кейінгі 12 жыл бойы шығармасын насихаттады. Ол баспагерлердің ұсыныстарына қарамастан, басқа ештеңе жазған жоқ. Кітап осы күнге дейін әлемнің 37 тіліне тәржімаланды. 130 миллион данасы сатылған.
Джоан Роулинг “Хәрри Поттер мен пәлсапа тас” (ағыл. Harry Potter and the Philosopher’s Stone) 107 млн дана. Алғашқы Поттер туралы шығарма мен баспаға дейінгі жол жеті жылға созылды. Алғашында Англияда ешқандай баспа оны шығаруға келіспеді. Бірақ 1997 жылы елеусіз, арзан баспа оны басып шығарады. Содан бастап Поттер балалардың сүйікті кейіпкеріне айналады. Әлемнің 80 тіліне аударылып, 130 миллион данамен сатылады. Ал автор алғашқы миллиардер жазушы қаламгерге айналды.
Агата Кристи, “10 негр баласы” (ағыл. Ten Little Niggers) 100 миллион данасы сатылған.
“10 негр баласы” Голливудтың триллер жанрына үлкен әсер еткен роман. Шығармада қылмыскер көпшілікке көрінбейді. Аралдағы үлкен сарайда 10 адамнан басқа тірі жан жоқ. Кісі өлтірушінің өз арасындағы біреуі екенін бәрі біледі. Оқиғалар қылмыскердің ойлап тапқан жоспары бойынша өтеді. Шектеулі кеңістіктегі әрекет, бір кейіпкерден екіншісіне сілтеме, бір сөзбен айтқанда, мінсіз кісі өлтіру оқырманды алға жетелеп отырады. Бұл кітап 1939 жылы жарыққа шыққаннан бастап, 8 рет экранизацияланды. 100-ден аса әлемнің тіліне аударылды. 100 миллион данамен сатылды.
Джон Рональд Руэл Толкин: “Хоббит: күтпеген саяхат” (ағыл. The Hobbit, or There and Back Again) – 100 млн дана. “Сақиналар әміршісі” трилогиясынан айырмашылығы, “Хоббит” бұл ертегі түрінде жазылған. Толкиеннің әдебиеттегі дебюті “Хоббит” өз балалары үшін жазылды. Кейіннен шығарманы автордың шәкірті оқиды. Ол қолжазбаны баспаға береді. Осылайша Толкиеннің әдебиеттегі жолы басталады. Кітап әлемнің бірнеше тіліне аударылып, 100 млн данамен сатылған. 2013 жылы режиссер Питер Джексон оны экранизациялайды. Трилогия болып шыққан фильмнің алғашқы сериясы бірден миллиард доллар қаражат жинайды.
Клайв Льюис: “Арыстан, Сиқыршы мен гардероб” (ағыл. The Lion, the Witch and the Wardrobe) 85 млн данамен жарық көрді.
“Нарния шежіресі” сериясының алғашқы романын 1949 жылы Оксфорд колледждерінің бірінің мұғалімі Льюис жазды. Сол кезде ол жергілікті дінтанушы және Толкиен мүше болған интеллектуалды үйірме құрудың бастамашысы ретінде белгілі болды.
“Арыстан, Сиқыршы және гардероб” Клайв Льюистің танымалдылығын өлшеусіз арттырды, оған байлық пен тәуелсіздік әкелді. Шабыттанған жазушы келесі бес жыл ішінде осы серияда тағы алты роман жазды. Бұл шығармалар әлемнің көптеген тіліне аударылып, 85 млн данасы сатылды.
Дэн Браун “Да Винчи коды” (ағыл The Da Vinci Code) – 81 млн дана.
Браун қастандықтарға, құпияларға толы “Да Винчи Коды” шығармасын жазу арқылы өте табысты жазушыға айналды. Роман әлемнің 44 тіліне аударылып 81 миллион данамен сатылған.
“Қара бидай арасындағы құрдым” (The Catcher in the Rye) – 65 млн дана.
“Қара бидай арасындағы құрдым” (The Catcher in the Rye) 1951 жылы жазылған америкалық жазушы Джером Сэлинджердің романы. Онда Холден есімді 16 жасар баланың атынан қазіргі қоғамның жалпы заңдары мен моральдарын қабылдамауы туралы ашық айтады. Шығарма жастар арасында да, ересектер арасында да өте танымал болды, ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік мәдениетке елеулі әсер етті.
Роман әлемнің барлық ірі тілдеріне аударылды. 2005 жылы Time журналы бұл романды 1923 жылдан бері жазылған 100 үздік шығарманың қатарына енгізді, ал қазіргі кітапхана оны ХХ ғасырдың 100 үздік ағылшын романдарының қатарына қосты.
Сэлинджердің бұл романы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Америка әдебиетінің басты туындысы деп есептеледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!