Ел газеті «Egemen Qazaqstan» өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған «Үміт» конкурсын жариялаған болатын. «Тәуелсіздік – тұғырым» деген тақырыпқа арналған бас басылым бәйгесінің биылғы жеңімпазы «Атырау-ақпарат» ЖШС-на қарасты «Жаңа медиа» бөлімінің басшысы, жас журналист Нұргүл Ысмағұлова болды.

Комиссия мүшелері тә­уел­сіздік құрдасының атынан баяндалған, өмір шын­дығымен өрілген, оқыр­ман­ды бірден баурап ала­ды деп бағалаған эссе жанрын­дағы «Кішкентай ауылдағы үлкен оқиға» деген материалды бір­ауыздан бірінші жүлдеге лайық деп таныды.

Ал екінші орынды «Тірі теңізбен тілдесу» деген материалымен қатысқан «Сыр бойы» газетінің тілшісі, қы­зыл­­ордалық Ержан Қо­жасовқа бе­руге ше­шім қа­былдады.

Өкінішке қарай комиссия мүшелері үшінші орынға еш­қандай шығарма лайық емес деп шешті.

Еліміздегі пандемиялық ахуал­ға байланысты жүл­де­гер­лерді марапаттау рәсімі өтпейді.

Жеңімпаздардың сый-сия­паты жеке шоттарына аударылады.

Еgemen.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!