Облыстық «Ақмешіт жастары» газеті «Балалар жылына» орай 12-17 жас аралығындағы білім алушылар арасында ертегілер байқауын жариялайды. 

Байқаудың мақсаты: «Балалар жылы» аясында мектеп оқушылары мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау, аймақтағы балалар әдебиетін дамыту.

  1.БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

1.1. Байқауды «Ақмешіт жастары» газеті және  облыстық  білім басқармасы бірлесе ұйымдастырады

1.2. Байқау шығармалары газетке және әлеуметтік желіге тұрақты түрде жарияланады.

2. Байқау шарттары мен тәртібі

2.1. Байқауға 12-17 жас аралығындағы облыстағы білім алушылар қатыса алады.

2.2. Қатысушылар кез келген тақырыпта ертегі жазуы қажет.

2.3. Қатысушылардың материалдарын жариялау 2022 жылдың  30 наурызынан  басталып, 20 мамырға дейін қабылданады.

2.3. Материалдар  басылымның aqmeshit_zhastary.kz @mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Тел: 40-11-10; +77784020511

3. Байқау материалдарына қойылатын талаптар:

3.1. Байқауға газет-журналға, сайттарға бұрын жарияланбаған жұмыстар қабылданады. Интернеттен, кітаптан және бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндерін пайдалануға, плагиатқа жол берілмейді.Бірлескен авторлыққа жол берілмейді (ертегіні бір оқушы  жазуы тиіс).

3.2. Жұмыс мәтіндік редактордың Word түрінде жазылу керек. Қарпі – Times New Roman, өлшемі 14, жол аралығы – 1, парақ енімен тегістеу. Жұмыстың көлемі А-4 форматының 2 бетінен аспау керек (титулды бетті қоспағанда). Жұмыстың титулдық бетінде автордың аты-жөні, білім беру ұйымының толық атауы, конкурстық жұмыс атауы көрсетілу қажет.

4. Қорытынды

4.1. Ертегі  байқауының жеңімпаздары 1 маусым ‒ Балалар күні қарсаңында анықталып,  газет бетіне жарияланады.

4.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!