Тіліммен тілдесіппін түн жарымда,

Тыңдадым қуанышын,

мұңдарын да.

Тілгіленген жарасын жасырғанмен,

Дірілдеген қорқыныш қолдарында.

Тіліммен сырласыппын

адамдайын,

Түсінгендей мен оны алаңдаймын.

Алаңдаймын, жоқ іздеп түн ішінде,

Қайғысына демеу сөз таба

алмаймын.

Мына шаққа, жетіпті күресем деп,

Өзге тілдің жолдарына ілесем деп.

Міне, жеттім дегенде жоғарыға,

Шұбар тілдің шырмауына

тіресем деп.

Ана тілім жырлайды мұңды сарын,

Қосылып мен жылаймын,

мұң құшамын.

Жұбатады екеумізді ай мен

жұлдыз,

Тілдестірген тіліммен, түнгі сағым.

Көзіме таң шапағын түсіргенде,

Мұның бәрі түс екенін түсіндім де.

Ошағына білімнің қазақ тілді,

Кете бердім, іштей ғана

күрсіндім де!

Салтанат ӘБДІХАЛЫҚОВА